"Денсаулық, Қайырымдылық, Өзара көмек" қауымдастығы


Еріктілік, мейірімділік, сенім, қайырымдылық және өзара құрмет!


Ұранымыз:     Денсаулық – бизнестегі және өмірдегі табыстың кілті!
Мақсатымыз: Мықты денсаулық, қаржылай табыс және бақытты өмір сүру!
Миссиямыз:
    • Ішкі сенім мен рухани жігерді арттыру;
    • Қаржылық және рухани даму;
    • Адамдар арасындағы сапалы қарым-қатынасты дамыту.

      «Денсаулық, Қайырымдылық, Өзара көмек» қауымдастығы – денсаулықты нығайтуға, әл-ауқатын жақсартуға және өзін-өзі дамытуға ұмтылатын белсенді адамдар мен пікірлестерді біріктіреді.
      Қауымдастықтан әр адам қолдау, пайдалы ақпарат, мотивация және жаңа достар таба алады, өз қабілеттерін дамытады, салауатты өмір салтын ұстанады, қайырымдылыққа қатысып, өзара көмек көрсетеді.
      Қауымдастыққа мүшелік — ерікті шешім. Әр адам өз еркімен шешім қабылдап, қауымдастықтың өзіне қызықты бағыттарымен танысып, қолжетімді мүмкіндіктерін пайдалана алады. Қауымдастыққа мүше болу үшін кіру жарнасын, мүшелік жарнаны немесе басқа да міндетті төлемдерді төлеу талап етілмейді.

    Қауымдастыққа ниеті бар барлық адамдар мүше бола алады:
     👨‍💼 әртүрлі сала мамандары;
     💼 кәсіпкерлер;
     🎓 студенттер мен зейнеткерлер;
     🏠 үй шаруасындағы адамдар;
     🔍 жұмыс іздеушілер;
     📱 блогерлер мен жарнама мамандары;
     🧠 психологтар мен кеңесшілер;
     🌿 денсаулық және табиғи өнімдер саласындағы мамандар;
     🤝 қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының өкілдері;
     🏬 сауда орындары мен кәсіпкерлік субъектілері;
     🌐 желілік (MLM) компаниялар;
     🕌 діни бірлестіктер өкілдері;
     🌍 қауымдастықпен ынтымақтастық орнатуға мүдделі өзге де тұлғалар.

      "Денсаулық, Қайырымдылық, Өзара көмек" қауымдастығы өз бағдарламасын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады:
      ✓   Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ "Қайырымдылық туралы" Заңы;
      ✓   Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңы;
      ✓   Қазақстан Республикасының «Тұтыну кооперативі туралы» (2025.15.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) Қазақстан Республикасының 2001ж. 8 мамырдағы №197-II заңнамасына сәйкес жүзеге асырады:
      ✓   Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544-II "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңы;
      ✓   Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-1 Заңы "Қоғамдық бірлестіктер туралы"(2024 жылғы өзгерістер мен толықтыруларымен);
      ✓   Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары – Сауда және интеграция министрiнiң 2022 жылғы 11 наурыздағы № 136 бұйрығымен бекітілген "Желілік маркетинг, қоғамдық дистрибьюторлар, пошта арқылы сату және өзге де тәсілдер арқылы бөлшек сауданы жүзеге асыру қағидалары".



Қауымдастықтың негізін қалаушылары мен басты құрылтайшылары:

Slide 2
Slide 3
Slide 4
Slide 5
Slide 6
Slide 1
Slide 1


Құрылтайшы боламын деген қайырымды жандарды ізгілікпен қарсы аламыз.



Қауымдастық мүшелеріне ұсынылатын мүмкіндіктер:
🤝 Өзара көмек және әлеуметтік қолдау.
🎓 Мамандардан жалпы кеңес.
🌿 Денсаулық және салауатты өмір салты.
📊 Қаржылық сауаттылық.
🏠 Отбасы және күнделікті тұрмыс.
🧿 Халықтық дәстүрлер мен жеке сенім.
🛒 QOLDAU интернет-дүкені.
🏢 Интернет-сауда және бизнес бастауға қолдау.
📢 Басқа компаниялардың өнімдері мен қызметтері.
🏖 Шипажайда демалу және жолдама алу мүмкіндігі.
✈️ Халықаралық саяхат сыйақысы.
🚗 Автокөлік немесе баспана алу бағдарламалары бойынша кеңес.

      толығырақ...





Ағзаны тазартуар арқылы денсаулықты қолдау бағдарламасы

Табиғи өнімдерді қолдана отырып, ағзаны тазарту арқылы иммунитетті көтеруге және көптеген аурулардың алдын алуға арналған.

Қатысу толығымен ерікті. Ешқандай міндеттеме жоқ!
Өзіңізге қолайлы курсты таңдаңыз
1

Сынама тазару курсы

9 900 ₸

Бағдарламамен алғаш танысып, табиғи өнімдерді қолданып көруге арналған.

2

Бастапқы тазару курсы

19 000 ₸

Табиғи өнімдерді күнделікті қолдану арқылы ағзаны тазартуға, ас қорыту жүйесін жақсартуға және дұрыс тамақтануға бағытталған бағдарлама.

3

Ағзаны тазарту және профилактика курсы (30 күн)

56 000 ₸

Денсаулыққа көңіл бөліп, ағзаны тазартуға, ас қорыту жүйесін жақсартуға, артық салмақтың алдын алуға 30 күндік кешендік бағдарлама. Құрамында табиғи дәнді дақылдар, фитокомпоненттер және қоректік заттарға бай өнімдер ұсынылады.

Неліктен ағзаны тазарту қажет?

Артық салмақ не арықтық, буынның ауыруы, қанның қоюлануы, тері қышуы, аллергия, шамадан тыс терлеу, бас ауруы, ұйқысыздық, күйзеліс және созылмалы шаршау — бұлардың барлығы ағзада токсиндер мен шлактардың жиналуының белгісі.Дұрыс тамақтанбау, дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қолдану және қозғалыс аздығы түрлі аурулардың дамуына әкеледі.

Сондықтан ағзаны тазаламай денсаулықты қалпына келтіру мүмкін емес!

Ағзаны тазарту не береді?

  • Метаболизмді баяулататын зиянды заттардан арылтады;
  • Иммунитетті нығайтады, энергияны арттырады;
  • Денені жеңілдетіп, ұйқы мен көңіл күйді жақсартады;
  • Созылмалы аурулардан айығуға және тез сауығуға көмектеседі;
  • Дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтына көшуге жол ашады.

Тазалау процесі неден басталады?

Ағзаны тазарту бағдарламасы ішекті тазартудан басталады.
Күніне жеткілікті мөлшерде жылы су ішу — ағзаны тазартудың ең басты шарты.

Күн сайын таңертең ашқарынға:

250–500 мл жылы су (сутегі суы, шунгит суы) ішуді әдетке айналдырыңыз
Күні бойы 1–1,5 литрден бастап, біртіндеп өз салмағыңызға сәйкес мөлшерге (1 кг = 30 мл) жеткізіңіз.
Ескерту: Су ішуді шектеу тағайындалған адамдар су мөлшерін тек дәрігермен кеңесіп белгілеуі керек.

Тазалау курсына арнайы табиғи өнімдер:

1. Сынама курсына –табиғи дәрумендерге, минералдарға және тағамдық талшықтарға бай Шипалы дәнді дақылдар мен ұнтақталған зығыр дәндері ұсынылады. Бұл — табиғи өнімдермен танысып, оларды күнделікті тамақтану рационына енгізудің алғашқы қадамы.
2. Бастау курсына -жеке қажеттілікке қарай "тазарту және иммунитет кешені" қоспасы немесе "Салмақты реттеу кешені" қоспасы және зығыр дәндері сияқты табиғи өнімдерден таңдау ұсынылады. Өнімдер дұрыс тамақтануды толықтыруға және ағзаны қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етуге бағытталған.
3. Тазару және профилактика курсына – табиғи дәрумендер мен миниралдарға, тағамдық талшықтарға "тазарту және иммунитет кешені" қоспасы, "Салмақты реттеу кешені" қоспасы және басқада табиғи өнімдер ұсынылады. Бұл бағдарламада табиғи өнімдерді қолдану арқылы ағзаны тазартуға, ас қорыту жүйесін жақсартуға, артық салмақтың алдын алуға, дұрыс тамақтану дағдыларын дамытуға және денсаулықты кешенді нығайтуға бағытталған.

Қосымша мүмкіндіктер

Ұсынылған тазарту курстарының құрамындағы өнімдерден бөлек, қауымдастық мүшелері интернет-дүкенінен өз қажеттіліктеріне сәйкес басқа да өнімдерді таңдап, жеңілдікпен сатып ала алады.

Өнімдердің түрлері, құрамы, қолданылу тәртібі және басқа да пайдалы ақпараттар интернет-дүкенде ұсынылған.

Өзіңізге де, жақындарыңызға да қамқор болыңыз — денсаулық қашанда басты құндылық!





Тазарту курсына ұсынылатын табиғи өнімдер мен тұрмыстық тауарлар:













Қауымдастық мүмкіндіктерін пайдаланып, өміріңізді өзгертіңіз: денсаулық, табыс және береке – сіздің қолыңызда!





    "Қолдау" бағдарламасы – өз денсаулығын күтіп, рухани дамып, табыс табуға, көмек алуға және жақсылық жасауға ұмтылатын қауымдастық мүшелеріне арналған платформа.

    "Қолдау" бағдарламасына қатысу тәртібі.
    Қауымдастықтың барлық артықшылықтары мен мүмкіндіктерін пайдалану үшін қауымдастық мүшесі мүшелік жарна ретінде, кемінде 14.900 теңге бағдарламаға аударуы керек немесе осы қаражатқа қайырымдылық мақсатында сатуға ұсынылған өнімдерді сатып алып, өзін қауымдастық мүшелігіне тартқан адамы арқылы жүйеге тіркеледі. Осылайша, қауымдастық мүшесіне ай сайын қаржылай көмек алу мүмкіндігі автоматты түрде ашылады. Көмек көлемі оның белсенділігіне байланысты инновациялық жүйеде есептеліп, қаржылай қолдау ретінде бөлінеді.

    Бағдарламаға қатысудың негізгі шарты:
    Қауымдастық мүшесі қауымдастықтың барлық мүмкіндіктері мен интернет-дүкен туралы ақпарат беру арқылы кем дегенде 3 адамның қауымдастық мүшесі болуына себепкер болып жеке белсенділігін көрсетуі керек.
    Назарыңызға: қауымдастық мүшелігіне өз атынан бағдарламаға тартатын адамдар санына шектеу қойылмайды. Қауымдастық мүшелерінің саны неғұрлым көп болса, бұл оның белсенділігі көрсетіп,алатын көмек қаражаты еселенеді.

    "Денсаулық, Қайырымдылық, Өзара көмек" қауымдастығы – өз денсаулығын күтіп, рухани дамып, табыс табуға, көмек алуға және жақсылық жасауға ұмтылатын адамдарға арналған платформа.